Мазмұны:
1-қадам. ШҚҰ-ын реттеушінің тізілімінен тексеру
2-қадам. Сайтта берілген деректерді тізілімдегі деректермен салыстырып тексеру керек
3-қадам. Шартты оқу
Шағын несие алу оңай. Бұған 20 минуттан аспайтындай уақыт кетеді. Ақшаны алу үшін ешқайда барудың қажеті де жоқ – ақша картаға түседі. Адамдар ыңғайлылықты жақсы көретіндіктен, несиелеудің бұл түрі танымал, мұны алаяқтар да пайдаланады. Олар шағын несиелік ұйымдардың жалған сайттарын жасайды және жеке деректерді жинайды, кейде тіпті тонау шарттары бар қарыз шарттарын жасайды. Алаяқтардың уысына түспес үшін тек тексерілген ШҚҰ-на жүгініңіз.
Несие берушіні әрдайым тексеруге болатын нұсқаулықты келтірейік.
1-қадам. ШҚҰ-ын реттеушінің тізілімінен тексеру
Әрбір несиелік ұйым, сондай-ақ ломбардтар Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің есебінде тұрады.
2020 жылдан бастап барлық шағын қаржы ұйымдары Агенттікте есептік тіркеуден өтуі керек еді. Мұны жасамаған компаниялар таратылуы немесе қайта құрылуы керек. Олардың халыққа несие беру құқығы жоқ.
Агенттіктің банктік реттеу департаменті директорының орынбасары Бақытбек Рысымбетов былай хабарлайды:
«Агенттікте есептік тіркеуден өтпеген және таратылуға немесе қайта ұйымдастырылуға жататын ұйымдардың тізбесі айқындалады. Сотқа дейін реттеу мақсатында клиенттердің осы ұйымдар шағын несие беретіндігі туралы ойқорытынды жасамауы үшін оларға ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату не өз атауынан «шағын қаржы ұйымы», «несиелік серіктестік», «ломбард» деген сөздерді алып тастау жолымен қайта тіркеу қажеттігі туралы хаттар жіберіледі. Бұдан басқа, мұндай компаниялар «Электрондық үкімет» (e-gov) порталына хабарлай отырып, қызмет түрін өзгертуі тиіс. Бұл талаптарды орындамаған жағдайда Агенттік заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату туралы аумақтық соттарға талап-арыз дайындайды және береді».
Сонымен, Агенттікте тіркеуден өтпеген ұйымдар Қазақстанда шағын несиелер берумен айналыса алмайды. Тиісінше, қарызды рәсімдеу алдында таңдалған компанияның ҚР ШҚҰ тізілімінде бар-жоғын тексеру қажет. Мұны Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтында жасауға болады.
Бақытбек Рысымбетов мынаған назар аударады: «Жоғарыда айтылған ұйымдардың тізімі Қазақстанның барлық қалаларынан Агенттіктің өңірлік өкілдерінің басқармалары ұсынатын мәліметтер негізінде үнемі жаңартылып отырады. Бұл жағдайда белгіленген мерзімде тіркеуден және қайта тіркеуден өтпеген, құжаттар пакетін ұсынбаған және заң бойынша олардың шағын қаржыландыру қызметін жүзеге асыруға құқығы жоқ бірқатар ұйымдар бар. Сондықтан шағын несие алу қажет болған жағдайда компанияны Агенттік сайтының тізілімінен тексеріңіз».
2022 жылғы тамыздағы жағдай бойынша бұл тізімде қаржылық қызметті жүзеге асыратын 1054 ұйым бар. Ыңғайлы болу үшін Сіз ШҚҰ-ны атауы бойынша іздей аласыз немесе біздің ШҚҰ тізілімінен компанияның деректемелерін таба аласыз. Бірақ несие берілетін сауда белгісі мен заңды атауы әртүрлі болуы мүмкін екенін ескерген жөн.
ШҚҰ сайтында компанияның толық атауы жазылған заңды мәліметтерді тапқан жөн. Егер бұл мәліметтер болмаса, абай болу керек. Адал компания заң аясында жұмыс істейді және өзі туралы ақпаратты жасырмайды.
2-қадам. Сайтта берілген деректерді тізілімдегі деректермен салыстырып тексеру керек
Бірақ тізілімді тексерумен шектелмеу керек. Агенттік сайтындағы ШҚҰ карточкасында мынадай мәліметтер берілген:
- директордың аты-жөні
- БСН
- мекенжай
- телефон
- электрондық пошта
- лицензия нөмірі
Осы мәліметтердің барлығы ШҚҰ сайтында көрсетілген деректермен сәйкес келуі керек.
3-қадам. Шартты оқу
Егер алдыңғы кезеңдерде ШҚҰ адалдығына ешқандай күмән болмаса, сіз рәсімдеуге кірісе аласыз. Бірақ құжаттарға қол қоймас бұрын оларды оқып, келесі нәрселерге назар аударған жөн:
- Деректемелер мемлекеттік тізілімге сәйкес келуі керек.
- Пайыздық мөлшерлеме заңмен белгіленген максимумнан жоғары болмауы керек. 2022 жылы шағын несиелер бойынша ең жоғары мөлшерлеме – 56%. Бұл айына 4,66%-дан, күніне 0,15%-дан аспайды. Кепілсіз «жалақыға дейінгі» несиелер үшін артық төлем алынған соманың 30%-ынан аспауға тиіс.
Егер қандай да бір бұзушылықтар анықталса, онда ҚР Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігіне өтініш жіберуге болады. Байланыс құралдары осы бетте берілген.
Дереккөздері:
https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm?lang=ru
https://www.nur.kz/nurfin/banks/1933656-kakie-maksimalnye-protsenty-na-kredity-mogut-ustanavlivat-banki-i-mfo-v-kazahstane/
https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/financial-organizations/53?lang=ru
https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/118475?lang=ru
https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm?lang=ru