Соңғы жылдары Қазақстанда микрокредит беру нарығы белсенді дамып келеді. Берілген кредиттер санының айрықша тез өсуі, әсіресе, 2021 жылдың төртінші тоқсанында орын алды. Берілген микрокредиттердің көлемі 64% ұлғайды. Ақшалай мәнде берілген микрокредиттер саны 397,8 млрд теңгеден асты, ал бұл дегеніңіз 1,9 млн микроқарыз алынды деген сөз. Бір жыл бұрын қазақстандықтар 242,1 млрд теңге сомасында тек 1,4 млн микрокредит ресімдеген болатын.
Қарыздардың басым бөлігі, яғни 85% жеке тұлғаларға тиесілі, ал заңды тұлғалардың 15% ғана кредит алған. Мұндай кредиттердің шамамен 91% кепілмен қамтамасыз етілмеген, сондықтан олар жоғары пайызбен берілген. Ол халық үшін орта есеппен 31% құрайды.
Өңірлер арасында Алматы көш бастап келеді. Мұнда барлық қарыздардың 63% берілген. Бұл жерде, көбінесе, ақша алуға жүгінетін қарапайым халық. Екінші орында Нұрсұлтан қаласы. Елордаға микрокредит беру нарығының 11,4% сәйкес келеді. Бұл жерде кредит берудің ерекшелігі – көбінесе, ақша іздейтін бизнес саласы. Микрокредит алуға Атырау, Маңғыстау және Павлодар облыстарының тұрғындары аз жүгінеді.
Халық алған кредиттердің көпшілігі тұтынушылық мақсаттарға, яғни, тауарларды сатып алуға жұмсалады. Бизнес негізгі жабдықтарды сатып алуға ақша жұмсайды. Мысалы, жабдықтар, жиһаз, техника және т. б.