Ресейлік банктер батыс санкцияларына ұшырағаннан кейін, олар бизнесті сата бастады. Қазақстандағы ресейлік еншілес банктер де қалыс қалып отырған жоқ. Кейбір банктер иелерін тапты, ал кейбіреулері тек келісім жасасуға ғана ниеттеніп отыр.
Сбербанк бір ай ішінде қазақстандық бөлімшені "Бәйтерек" холдингіне сатуды жоспарлап отыр.
Бұл бизнесті сатып алуға негізгі үміткер. Мәміле 2022 жылдың 5-10 шілдесінде болуы тиіс.
Сондай-ақ, Ресей Сбербанкінің басқарма төрағасы Александр Ведяхин Сбербанк Азия елдерінде өзінің қатысуын кеңейтуді жоспарлап отырғанын атап өтті. Әңгіме еншілес банктерді ашу туралы емес, төлем сервистерімен қамтамасыз ету, саудалық қаржыландыру және ұлттық валюталарда төлемдер жүргізу үшін, Азия мен Таяу Шығыс елдерінің реттеушілерімен өзара іс-қимыл жасау туралы болып отыр.
Сонымен қатар, Еуропалық даму қайта құру банкі сатып алынған банкті капиталдандыруға қатысушы бола алатынын мәлімдеді.
Банк клиенттеріне келетін болсақ, оларға ештеңе қауіп төндірмейді. Шоттар мен несиелер жаңа иесіне өтеді. Салымдар бойынша барлық міндеттемелер орындалатын болады. Несиелерді де төлеуге тура келеді.