Көптеген адамдар Жаңа жылға дайындалу үшін қысқа мерзімді қарыздарды пайдалануды жоспарлап отырғанын мойындайды. Smartzaim.kz сервисі мерекелерден кейін де кредитке деген қызығушылық төмендемейтінін атап көрсетеді, өйткені адамдар, өз күштеріне қарамай, жаңа жылды қарсы алуға көп ақша жұмсайды. Бұл жерде бір кеңес беруге болады: егер үнемдеуге мүмкіндік болса, онда үнемдеу керек. Мысалы, Сіз пәтерді мерекеге орай сәнді және арзан безендіре аласыз. Көп жағдайда, бұл үшін мүлдем қаражат жұмсаудың қажеті жоқ немесе аз ғана салым жасауға болады.
Жоспарлау
Бұл құлаққа жағымсыз естіледіі, бірақ бір іске кіріспес бұрын жоспар жасау керек. Төмендегі екі жағдайды салыстырыңыз.
1. Сіз пәтерді қалай безендіретініңіз туралы алдын-ала ойладыңыз, сатып алу тізімін жасадыңыз, алдағы шығындарды есептедіңіз, бюджетке кірдіңіз және егер пәтердің безендірілуі тым қымбат болып көрінсе, онда тізімді түзеттіңіз.
2. Сіз пәтерді безендіруге қатысты ойды мүлде кейінге қалдырдыңыз және ең тығыз уақытта дүкенге бардыңыз. Бар нәрсені сатып алуға тура келді, бұл жерде тіпті ойлануға да уақыт қалған жоқ. Нәтижесінде ақша көп жұмсалды, ал пәтер көңіліңіздегідей сезіммен, ерекше талғаммен безендірілген жоқ.
«Комсомольская правда» газетінің сарапшылары мынадай кеңес береді: «Бір парақ қағаз алып, бір бағанға Жаңа жылға қарсы пәтеріңіздің талғамға сай көрінуі үшін не істегіңіз келетінін, ал екіншісіне – не сатып алу керек екенін жазыңыз. Айтпақшы, неге сатып алу керек, көптеген декор элементтерін өз қолыңызбен жасаудың өзі өте шынайы, бұл көп уақытты да қажет етпейді. Бірақ Сіз бәрібір алдын-ала дайындалуыңыз керек, сондықтан Сіз Жаңа 2022 жылға арналған пәтерді безендірудің жауапты ісін жоспарсыз жасай алмайсыз. Фотоүлгілерді оқып, үйдегі жағдаймен салыстырыңыз. Дизайнерлер ұсынғанның бәрі іс жүзінде қолданыла бермейді».
Айтпақшы, жоспарлау да жақсы, өйткені Сіз қандай тауарларды мүлдем сатып алудың қажеті жоқ екенін бірден көре аласыз.
Пәтерді безендіруге балаларды тартуға болады — қар қылауларын, панноны, қағаздан жасалатын гүлтізбектерді бірлесіп дайындау бүкіл отбасы үшін өте қызықты.
Шкафтардың қуыс-қуыстарын, түпкі алыс бұрыштарын қарап шығыңыз. Мүмкін ескі шам тізбектері мен шырша әшекейлері бар шығар. Кеңестік дизайндағы жаңа жылдық шарлар қайтадан сәнге айналды — мұны Google Trends статистикасында да көруге болады:
2018 жылдан 2021 жылға дейінгі «Кеңестік жаңа жыл ойыншықтары» сұранысының танымалдығы
Бөлшектерді таңдау
Әдемі безендірілген интерьер үшін үлкен салымдар салу міндетті емес. Салыстырыңыз:
1. Әшекейлерді сатып алуға мүлде қаражат жұмсамауға да болады, мұнда тек ой-қиялың мен талғамыңды іске қосқаның жөн. Нәтижесінде қонақтар әжейдің шырағданының тұжырымдамаға қалай сәйкес келетініне таң қалады, сонымен қатар шамтізбектердің ерекше қолданылғаны үшін үй иесін мадақтайтын болады.
2. Сіз, керісінше, сүйкімді және әдемі, бірақ бір-бірімен және пәтердің дизайнымен үйлеспейтін бөлшектерді сатып алуға көп ақша жұмсауыңыз мүмкін. Нәтижесінде, үйіңіз жылтырақтар мен жаңа жылдық аксессуарлар қоймасын еске түсіретін болады.
Стилист, жоғары имидж және стиль мектебінің оқытушысы Наталья Радзивончик: «Шектен тыс былықтырып алмау үшін, Сіз безендіретін бір немесе екі негізгі элементті таңдағаныңыз жөн. Олардың бірі, әдетте, шырша болады. Екіншісі –шкаф, үстел, терезе, қабырғалар немесе тіпті,егер Сізде бар болса, алауошақ болуы мүмкін. Егер Сіз бір бөлмеде екі екпін жасағыңыз келсе, онда олар жақын жерде орналасуы керек және бірдей түсті болуы тиіс».
Кейбір дизайнерлер кішкентай бөлмелерге төбеге дейін жететін шыршаны қоюға мүлде кеңес бермейді. Кез келген балама – ол кішкентай ағаш, я болмаса, панно, есік-терезелерді безендіру және т. б.
Дереккөз: pexels.com
Сіз өзіңіз безендіретін бөлменің түсінен бастауыңыз керек. Мерекелік декор қабырғалармен және жиһаздармен тіпті ұсақ-түйек жерден болса да, бір-үш түс арқылы байланыстырылуы керек. Ең бастысы – көп түсті қиюласуды болдырмау.
Стилист пәтерді жылтырақтармен безендіруге кеңес бермейді. Оның орнына декор ретінде әртүрлі гүлдердің, пішіндер мен сәнді тастардың шамтізбектерін қолдануға болады. Олармен жиһазды немесе терезелерді көлеңкелеп қана қоймай, оларды мөлдір шыны вазаға салып, үстелге немесе сөреге қоюға болады.
Сонымен қатар, жылтырақтардың орнына атласты немесе барқыт ленталарды қолдануға болады. Олармен перделерді әсемдеп, сәндік сыйлықтарды байлап, әдеттегі жіптердің орнына шырша ойыншықтарын іліп қоюға болады. Ең бастысы – түс үйлесімділігі туралы ұмытпау.
Шар тәріздес ойыншықтарды шыршаның безендіру үшін ғана емес, сонымен қатар декор элементі ретінде пайдалануға болады. Мысалы, оларды вазаға немесе ыдысқа салып қоюға болады.
РБК сарапшылары: «Шамтізбектер тек шырша декоры болып саналмайды: оларды қолдану орындары мен әдістері шексіз. Бұл ретте ең бастысы — талғамға сүйену. Мерекелік жарықтандырудың әсерін жасау үшін бір шамтізбек жеткілікті. Оны кереуеттің арқалығына бекітіңіз, айнаны жиектеу үшін қолданыңыз, карнизді немесе есікті безендіріңіз» деп кеңес береді.
Пәтердің әшекейлері ғана мерекелік көңіл-күй сыйламайтынын ұмытпаңыз. Шыршасы бар сүйкімді жылы шұлық, бұғылар бейнеленген жемпір, қар қылаулары бар шыныаяқ сатып алыңыз (мұндай заттарды достарыңыз немесе әріптестеріңіз Сізге міндетті түрде беріп қойды ғой), жұмыс үстеліндегі экран суретін өзгертіңіз.