Halyk Bank («Қазақстан Халық Банкі» АҚ) — Қазақстандағы ең ірі банктердің бірі, тарихы 1923 жылдан басталады. Бас кеңсесі — Алматыда.

Bereke Bank (2022 жылға дейін – Ресей Сбербанкінің еншілес банкі) Қазақстанда жеке және корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетеді.

«Kaspi Bank» АҚ Қазақстанда 1991 жылдан бері жұмыс істейді (2008 жылға дейін — «Каспийский» банкі), «Kaspi.kz» АҚ тобына кіреді.

«ForteBank» АҚ — Қазақстандағы ірі жеке банктердің бірі, 2014–2015 жылдары Альянс Банк, Темірбанк және Forte Bank бірігуі нәтижесінде құрылды. Бас кеңсесі — Астанада.

«Альфа-Банк» ЕБ АҚ 2022 жылы «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа қосылды және қызметін тоқтатты.

«Отбасы банк» АҚ (2021 жылға дейін — Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі) — Қазақстандағы тұрғын үй құрылыс жинақтарының жалғыз банкі; акцияларының 100 %-ы «Бәйтерек» холдингіне тиесілі.

«Altyn Bank» АҚ (2014 жылға дейін — «HSBC Банк Қазақстан») 1998 жылдан бері жұмыс істейді; 2018 жылдан бастап бақылаушы акционері — China CITIC Bank.

Alatau City Bank (2025 жылғы маусымға дейін – Jusan Bank) – 1992 жылдан бері жұмыс істейтін қазақстандық коммерциялық банк.

«Қазақстандағы Қытай Банкі» ЕБ АҚ — Bank of China Limited еншілес банкі, Қазақстанда 1993 жылдан бері жұмыс істейді.

«Банк ЦентрКредит» АҚ 1988 жылы құрылған, Қазақстандағы ең ірі жеке банктердің бірі; 2022 жылы Альфа-Банк Қазақстанды өзіне қосты.

Home Credit Bank – тұтынушылық кредиттеуге маманданған банк, Қазақстанда 2005 жылдан бері жұмыс істейді; 2025 жылдан бастап «ForteBank» АҚ-тың еншілес банкі.

«Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ — ресейлік ВТБ банкінің еншілес банкі, Қазақстанда 2008 жылдан бері жұмыс істейді.

«Ситибанк Қазақстан» АҚ — Citigroup еншілес банкі, банк ретінде 1998 жылдан бері жұмыс істейді (Citi-дің Алматыдағы өкілдігі — 1994 жылдан); корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетеді.

«Алматы қаласындағы Қытай Сауда-өнеркәсіп банкі» АҚ — қытайлық ICBC еншілес банкі, Қазақстанда 1993 жылдан бері жұмыс істейді.

«Еуразиялық банк» АҚ 1994 жылы құрылған, ERG тобының экожүйесіне кіреді; бас кеңсесі — Алматыда.

«Bank RBK» Банкі» АҚ 1992 жылдан бері жұмыс істейді (бұрынғы атаулары — «Мекен», «Алаш-Банк», ҚазИнКомБанк), 2011 жылдан бастап — Bank RBK; бас кеңсесі — Алматыда.

KZI Bank («Қазақстан-Зираат Халықаралық Банкі» ЕБ АҚ) — түркиялық Ziraat Bankası еншілес банкі, Қазақстанда 1993 жылдан бері жұмыс істейді.

«Фридом Банк Қазақстан» АҚ (2024 жылғы мамырға дейін – «Банк Фридом Финанс Қазақстан») халыққа және бизнеске банктік қызмет көрсетеді. Қазақстанда 2009 жылдан бері жұмыс істейді, Freedom Holding Corp. тобына кіреді.

«Нұрбанк» АҚ 1992 жылы Атырауда құрылған, бас кеңсесі — Алматыда; бақылаушы акционері — «JP Finance Group» ЖШС.

«ADCB» Ислам Банкі (2024 жылғы қазанға дейін – Al Hilal Ислам банкі) – Қазақстандағы алғашқы ислам банкі, 2010 жылы құрылған.

«Шинхан Банк Қазақстан» — Shinhan Bank еншілес бөлімшесі. Банк Қазақстан Республикасында 2008 жылы тіркеліп, республика аумағында өз қызметін жүзеге асыратын алғашқы оңтүстік кореялық банк болды.

«Заман-Банк» Ислам банкі» АҚ 1991 жылы құрылған, 2017 жылдан бастап ислам банкі ретінде жұмыс істейді; бақылаушы акционері — ICD (Ислам даму банкі тобы).