Бос орындар
Smartzaim.kz сервисі – жаңа қызметкерлер іздеу үстінде! Егер Сіз жан-жақты дамып, табыс тауып, үлкен жетістікке қол жеткізгіңіз келсе, біздің командаға қосылыңыз!
Біздің Компанияның мақсаты – шұғыл қаржылық көмекті қажет ететін әрбір адам үшін сенімді дербес кеңесші болу. Біз күн сайын ҚР тұрғындарына заңды кредитордан тиімді қарызды таңдауға, онлайн-кредитті жылдам ресімдеуге және шұғыл мақсаттарға кідіріссіз қаражат алуға көмектесеміз. Өз саламыз бойынша үздіктер қатарынан көріну үшін, біз қызмет көрсету деңгейін көтеруден және дамыған үстіне дами түсуден жалықпаймыз!
Smartzaim.kz командасында белсенді және жауапты мамандар жұмыс істейді. Ұйымшыл ұжымның бір бөлігне айналғыңыз келе ме? Біз Сіздің тәжірибеңіз бен батыл қадамыңыз үшін шын қуаныштымыз!
Осы бетте біреуін Сіз иемдене алатын белсенді бос орындар жарияланған. Өз түйіндемеңізді жіберіңіз, біз Сіздің кандидатураңызды міндетті түрде қарастыратын боламыз!
Біздің компания не ұсынады? Тек лайықты табыс табумен ғана шектеліп қалмай, өзінің біліктілік деңгейін көтеруге де мүмкіндік беретін сенімді компанияға ресми түрде жұмысқа орналасу.
Өзекті бос орындар
SMM маманы
Негізгі міндеттері:
- Instagram, ВКонтакте, Facebook және т.б. әлеуметтік желілерде компанияның брендін ілгерілету үшін SMM-стратегияларды әзірлеу және енгізу.
- Компания қызметтеріне әлеуметтік желілер аудиториясының адалдығын арттыру.
- Қоғамдастықтарды дамыту, аудиторияның тартымдылығы мен белсенділігін арттыру: контент-жоспар жазу, посттарды жылжыту, конкурстар өткізу, комментарийлерді модерациялау, хат алмасу.
- Таргеттелген жарнаманы баптау.
- Копирайтерлермен, дизайнерлермен және бағдарламашылармен өзара іс-әрекет жасау.
- Тиімділікті талдау және есептілікті жүргізу.
- Арна бойынша құжат айналымы мен шоттарды бақылау
- Арнаның бюджетін басқару. Шығасыларды жоспарлау, келісу, бақылау және оңтайластыру.
- KPI орындау.
Контент-маркетинг бойынша маман
Негізгі міндеттері:
- Нысаналы аудиторияның маркетингтік стратегиясы мен қажеттіліктеріне сәйкес контент-жоспар құру.
- Компанияның сайттары мен пабликтеріне арналған ақпараттық контентті дайындау.
- Сіндеттер қою және автор-фрилансерлердің жұмысын бақылау.
- Ақпараттық материалдарды компанияның сайттарына орналастыру.
- Мақалаларды бөлу үшін тақырыптық топтар мен сайттарды іріктеу.
- Арнаның бюджетін басқару. Шығасыларды жоспарлау, келісу, бақылау және оңтайландыру.
- Арна бойынша құжат айналымы мен шоттарды бақылау
- Тиімділікті талдау және есептілікті жүргізу.
Директ-маркетинг бойынша маман
Негізгі міндеттері:
- E-mail, push, sms, мессенджерлер, триггерлер және т.б. арналары бойынша Direct-маркетингтің клиенттерімен байланыс жасау және адалдықты басқару.
- Стратегияны әзірлеу және іске асыру, жіберілімдерді автоматтандыру, хаттар тізбегін құру.
- Контент-менеджермен, дизайнермен және бағдарламашылармен өзара іс-әрекет жасау.
- Жазылушылар базасымен жұмыс (қалыптатыру, сегменттеу, қайта белсендіру, тазалау)
- Сату жоспарын орындау.
- Арнаның бюджетін басқару. Шығасыларды жоспарлау, келісу, бақылау және оңтайластыру.
- Есептілікті талдау және жүргізу.
- Арна бойынша құжат айналымы мен шоттарды бақылау
Мәнмәтіндік жарнама бойынша маман
- Яндекс.Директ, Google Ads жүйелерінде мәнмәтіндік жарнаманы жүргізу. (дайындау, іске қосу, оңтайландыру, масштабтау, жарнамалық науқандардың тиімділігін күнделікті бақылау және талдау).
- Сату жоспарын орындау.
- “Мәнмәтіндік бағдарлама” бюджетін басқару. Шығасыларды жоспарлау, келісу, бақылау және оңтайластыру.
- Жарнамалық науқандарды жүргізу туралы есептілікті жүргізу.
- Арна бойынша құжат айналымы мен шоттарды бақылау
Интернет-маркетолог
Негізгі міндеттері:
- Маркетингтік белсенділік жоспарын әзірлеу және жүргізу.
- Адалдық бағдарламасын құру.
- Сайттардың пайдалану ыңғайлылығын арттыру, пайдаланушы тәжірибесін жақсарту, клиенттердің адалдығын арттыру, компания өнімдерінің сатылымын өсіру мақсатында компанияның сайттарына арналған UX-стратегиясын әзірлеу, іске асыру және талдау.
- Клиенттің, нысаналы аудиторияның портретін қалыптастыру.
- Контент-менеджермен, дизайнермен және бағдарламашылармен өзара іс-әрекет жасау.
- Есептілікті талдау және жүргізу.
- Құжат айналымы мен шоттарды бақылау.