6 сәуірде ресейлік «Альфа-Банк» АҚШ санкциялар тізіміне енді. Осы уақытта банк Қазақстандағы еншілес компанияға сатып алушыны іздестірумен айналысты.
Қазір, «ҚазАқпарат» ХАА ақпараты бойынша, «БанкцЦентрКредит» АҚ(ЦКБ) және «Альфа-Банк» АҚ «БанкЦентрКредиттің» Қазақстан «Альфа-Банк» акцияларының 100% сатып алатыны туралы қағидатты уағдаластыққа қол жеткізді. Кейін «Альфа-Банк» Директорлар кеңесінен өз өкілдерін акционерлер құрамынан шығарады. Мәміле толығымен аяқталған кезде, бұл дербес бренді бар қазақстандық банк болады. Осындай шараларға сәйкес, Қазақстандағы банк АҚШ пен басқа елдердің санкциялық тізімдерінен шыға алады. Қаржы ұйымында жеке және заңды тұлғаларға арналған қызметтер мен өнімдердің толық спектрі пайда болады.
«Альфа-банктің» өтініші бойынша, «ЦентрКредит» банкі салымшылар алдындағы барлық міндеттемелерді орындау мақсатында ұйымдағы өтімділікті қолдау үшін өз қаражатын салуға дайын. Бұл «Альфа-Банктің»жұмыс істеп тұрған клиенттері үшін қалыптасқан жағдайды жедел шешуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлағандай, «Альфа-Банкке» және «Сбербанкке» қатысты санкциялар қазақстандық банктердің қаржылық жағдайына әсер етпейді. ҚР банк секторы капиталдың және өтімділіктің елеулі қорына ие, атап айтқанда барлық активтердің - 42,3%.
«Альфа-Банктің» клиенттеріне депозиттер үшін алаңдаудыу еш қажеті жоқ. Оларды кез келген уақытта қолма-қол ақшаға айналдыруға болады. Сондай-ақ, барлық кредит шарттары, пластикалық карталар азаматтар үшін шығынсыз қайта ресімделетін болады.