Бағалар үнемі өсіп келе жатқандықтан, әлеуметтік төлемдер де артуы тиіс. Олай болмаған жағдайда, адамдардың өмір сүру деңгейі төмендейді. Үкімет негізгі әлеуметтік төлемдерді үнемі индекстеп отырады.
Кезекті арттыру «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен жоспарланған. Инфляцияны ескере отырып, негізгі әлеуметтік төлемдер 4% индекстелетін болады.
2022 жылғы 1 сәуірден бастап төлемдердің осындай шамалары белгіленеді:
- айлық есептік көрсеткіш – 3 180 теңге;
- ең төменгі зейнетақы — 48 032 теңге;
- ең төмен күнкөріс деңгейі – 37 389 теңге;
- базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері — 20 191 теңге.
Қазақстандықтар жоғары зейнетақыны 2022 жылғы маусымнан бастап ала бастайды. Олар сондай-ақ сәуір мен мамыр айларына қосымша ақы алады.
Жалпы алғанда 6,6 млн төлем арттырылатын болады.