Қазақстандағы импорттық өнімдер дербес өндірісінің тауарларымен алмастырылады. Бұл туралы Әлеуметтік мәселелер жөніндегі вице-премьер-министр Ералы Тоғжанов мәлімдеді.
Үкімет бекіткен халықтың табысын арттыру бағдарламасына сәйкес, 2025 жылға дейін азық-түлік тауарларының импортын толық алмастыру маңызды және басым қадам болып табылады. Ералы Тоғжановтың айтуынша, осылайша елімізде азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан нарығындағы дербес өндірісінің үлесі 80% құрады.
Сондай-ақ, вице-премьер-министр бүгінгі таңда Қазақстанның алма — 74%, шұжық — 56,4%, ірімшік және сүзбе — 56%, қант — 43%, құс еті — 65,4%, балық-66% сияқты өнімдері импорттық нарыққа тәуелді екенін айтты,. Импортқа тәуелділік мәселесін толық шешу үшін, мемлекетте 900-ден астам инвестициялық жоба іске қосылатын болады.
Сүт-тауар фермаларын, ет комбинаттарын, құс фабрикаларын салу жоспарда бар. 6,6 га жеміс бақшасын отырғызу және қант зауытын іске қосу жоспарланып отыр.