Микроқаржылық компаниялар өте көп және нарықтағы жаңа ойыншылар өзі секілділердің қапталында жоғалып кететін сияқты. Бірақ, бір кездері сапалы қызмет көрсететін, микрокредит түрлерінің үлкен таңдауы мен төмен пайыздары бар компанияны таңдауға тырысқан адам ғана лайықты ұсыныстардың санаулы екенін біледі. Қазақстан нарығы заманауи қарыз алушының барлық сұраныстарына жауап беретіндердің қатарынан лайықты болуға уәде беретін микроқаржы қызметтері саласында тағы бір ойыншымен толықтырылды, ол – «Сәлем Кредит» МҚҰ.
«Сәлем Кредит» микрокредиттерді онлайн ұсынады. Сізге бірнеше минут ішінде, үйден шықпай-ақ, елдің кез-келген жерінде жүріп ақша алуға болады. Шарт ресімдеу үшін Сізден тек құжаттар мен интернетке қолжетімділігіңіз талап етіледі. Вирустың таралуы жағдайында проблемаларды қашықтан шешу мүмкіндігі өте маңызды.
Микрокредиттер беру үдерісі толығымен автоматтандырылған. Бұл ұзақ тексерулердің болмайтынын білдіреді – ақша тәуліктің кез келген уақытында және аптаның кез келген күнінде барынша жылдам беріледі. Қаражат IBAN шотқа аударылады.
Маңыздысы: «Сәлем Кредит» компаниясында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар, бұл барлық қызметтің заң шеңберінде жүргізіліп жатқанын білдіреді — көтеріңкі мөлшерлемелер, қосымша комиссиялар, жасырын пайыздар жоқ. Компания әрқашан Шартта белгіленген талаптарды сақтайды.
Пайыздық мөлшерлемелер жылдық 4,8%-дан 56% дейін банктік мөлшерлемелерге барынша жақындатылған. Тұтынушылық қарызды 6 айдан 3 жылға дейінгі мерзімге 3 000 000 теңгеге дейінгі сомаға рәсімдеуге болады. Бұл жағдайда кепілгер немесе кепіл қажет емес. Микрокредитті басқа қарыздарды қайта қаржыландыруға, емделуге, жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізуге, білім алуға, бизнес жүргізу үшін және өзге де маңызды мақсаттарға алуға болады.
Қазақстан Республикасының 18 жастан асқан, тұрақты табысы және 50% кем емес несиелік қарыздық жүктемесі бар әрекетке қабілетті азаматтары «Сәлем Кредит» компаниясының клиенті бола алады. Яғни, басқа да борыштық міндеттемелерді өтеуге кірістің жартысынан көбі кетуі тиіс.
Қарыздар жеке тұлғаларға да, жеке кәсіпкерлерге де, сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға да қолжетімді.
Әрбір қарыз алушы кредитті мерзімінен бұрын толық немесе ішінара өтеуге құқылы. Бұл ретте төлемдер кестесі клиенттің пайдасына қайта есептеледі.
Егер қаласаңыз, жазатайым оқиға кезінде қарызды сақтандыру компаниясы төлеу үшін, өмір мен денсаулықты сақтандыруға болады. Сақтандыру жарнасы негізгі борыштың 12% құрайды.