Мазмұны:
Рюкзак — сатып алудың ең қымбат бөлігі
Балалар бөлмесіне жиһазды мектептегідей етіп сатып алған дұрыс
Кеңсе тауарларының көптігі соншалық, оларға көз ілеспейді
Нені үнемдеуге болмайды?
Гүлшоғы міндетті емес
Қолданыста болған техника бюджетті үнемдейді
Үнемдеудің жалпы кеңестері
Көп ұзамай мектепке бару керек, бұл дегеніңіз киім, аяқ киім, кеңсе тауарлары және басқа да оқуға қажетті заттарға өте көп шығындалу қажет болады деген сөз. Liter.kz бағалауы бойынша кеңсе тауарларының минималды жиынтығы 13 885 теңгені құрайды. Киімге орта есеппен 69 980 теңге кетеді. Жалпы алғанда, оқу жылына дайындыққа отбасы орта есеппен 83 865 теңге жұмсайды. Банктердің жарнамасы мектепке дайындық сәтті болып, әмиянға қатты соққы бермеуі үшін ақшаны қарызға алуды ұсынады. Бірақ мектепке дайындық үшін несие алмас бұрын, басқа нұсқаларды қарастырған жөн. Мысалы, сіз шығындарды ұтымды және үнемді ете аласыз. Мектепке сатып алу керек нәрселер тізімін қарап, ең қымбат позицияларды анықтап, баланы мектепке дайындауда қалай үнемдеуге болатынын анықтайық.
Рюкзак — сатып алудың ең қымбат бөлігі
Рюкзактан бастайық, өйткені бұл оқушы үшін маңызды құрал. Біріншіден, бала өскен сайын оны сирек ауыстырады. Бір рет сәтті таңдалған рюкзакты бала 3 жыл ұстай алады. Екіншіден, ыңғайсыз рюкзак баланың арқасын қысады, оқулықтардың салмағының төмен түсіп, белдіктері иығын қиып, баланың тұлғасын бұзады.
Барлығы рюкзак сатып алғанда үнемдеудің қажеті жоқ екендігін нұсқайды. Дегенмен, мынадай түйткілді нәрселерге назар аудару керек:
- ортопедтік арқалық;
- кең белдіктер;
- сапалы сыдырмақ;
- тығыз төсеніш.
Тізімді әр адам өз қалауынша кеңейтеді.
Бренд сияқты басқа нәрселерге назар аударудың қажеті жоқ.
Баламен бірге дүкенге бармаған жөн, өйткені ол үшін рюкзактың арқалығы мен белдіктері емес, суреттері мен әшекейі маңызды. Нәтижесінде өзіңізге ұнамайтын рюкзак үшін артық ақша төлеуге немесе баланың наразылығын тыңдауға тура келеді.
Бейтарап суретті таңдаған дұрыс. Мысалы, көлік 3 жыл бойы балаға қызықты болады, ал мультфильм кейіпкеріне деген құштарлық өткінші болуы мүмкін. Рюкзакты жоспардан тыс ауыстыру қажет болады.
Науқандарға назар аударыңыз. Маусымға қарай желілік дүкендер жаппай сатылымдарды ұйымдастырады, ол кезде рюкзактың құнының 50%-на дейін үнемдеуге болады.
Балалар бөлмесіне жиһазды мектептегідей етіп сатып алған дұрыс
Бұл да шығындардың көлемді бөлігі. Бірінші сынып оқушыларының ата-аналары, әсіресе егер бұл тұңғыш бала болса, оған ең жақсы нәрселер, соның ішінде сабақ істейтін үстел әперу керек деп есептейді. Өндірушілер ұнамды болуға тырысады және көлбеу беті бар, биіктігі реттелетін және ең экологиялық таза материалдардан жасалған суперортопедтік нұсқаларды ұсынады.
Бірақ мектепте тұрған парталарға назар аударған жөн. Оқу орындары да өсіп келе жатқан балаларға арналған парталарды сатып алады, бірақ олар құрылымы жағынан қарапайым, сондықтан сәндік брендтерге қарағанда арзанырақ болады.
Кеңсе тауарларының көптігі соншалық, оларға көз ілеспейді
Сүйкімді кеңсе тауарларын сатып алу жағымды, ал ата-аналар одан ләззат алады. Бірақ көп нәрсе іс жүзінде қажет болмайды.
Мысалы, сіз алтын өрнегі мен жібек бетбелгісі бар қолтырауын терісімен қапталған қатты мұқабадағы күнделікті немесе суретсіз жұмсақ ақ мұқабадағы күнделікті сатып ала аласыз. Бағаларының айырмашылығы орасан зор. Атқаратын қызметі бірдей.
Дәптерлермен де дәл солай. Әдемі суреттер дәптерлерді қымбатырақ етеді, бірақ олардың қызметі бұрыңғыдай болып қала береді. Бала алдымен оларға қуанады, содан кейін назар аударуды тоқтатады. Сіз ымыраға келе аласыз: бірнеше әдемі дәптер, ал қалғандарын қарапайым етіп сатып алыңыз. Егер біз бірінші сынып оқушылары туралы айтатын болсақ, онда оларға сызбалары бар дәптерлер мүлдем қажет емес.
Қалталарды сатып алуға да сыни тұрғыдан қараңыз. Мұғалімдер оларды дәптерлерге арнап, яғни олар мыжылмау үшін қолдануға кеңес береді. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, балалар бәрін бір үйіндіге тастайды және қалталарды пайдаланбайды. Бұл оларға ыңғайсыз.
Түсті қағаз бен картон – үнемдеудің тағы бір тәсілі. 52 түстен тұратын қымбат борланған қағаз жиынтығын таба аласыз немесе қарапайым, сұрлау, 12 түстен тұратын жиынтықты да табуға болады. Асыра сілтеудің қажеті жоқ. Мектеп жұмыстары үшін көптеген реңктер қажет емес, ал сұр реңк көзге түспейді, өйткені балалар қолөнері әрқашан сүйкімді болады.
Нені үнемдеуге болмайды?
Бірақ үнемдеуге болмайтын кеңсе тауарлары бар:
- Түрлі-түсті қарындаштар. Түстердің саны аса маңызды емес, негізгі 12 немесе 24 түстен тұратын жиынтықпен шектелуге болады. Алайда қарындаштар сапалы, яғни ұштаған кезде бұйраланбауы, екі бөлікке бөлініп сынбауы, әр құлаған сайын сынбайтын, жұмсақ және жарқын графитті болуы тиіс. Әйтпесе, бала сынғыш қарындашты қайта қайта ұштауға немесе қағазды жыртпай жарқын сурет салуға тырысып, қатты азап шегеді.
- Ұштағыш. Ол өткір болуы тиіс. Егер бала көркем сурет мектебінде оқымаса, электрлі ұштағыш алу міндетті емес, қарапайым ұштағыш та жеткілікті.
- Өшіргіш. Жақсы өшіретін қарапайым өшіргіш сатып алған дұрыс. Жарқын фигуралы өшіргіштер әдетте тек графитті жағып тастайды.
- Қаламдар. Олар қолға ыңғайлы болуы керек. Мұғалімдер саусақтарының сырғып кетпеуі үшін және баланың қаламды ұшынан ұстауға қызықпауы үшін резеңке ұшы бар қаламдар алуға кеңес береді. Қаламдар үзіліссіз жазылуы керек, дақ қалдырмауы және құйып жазбауы керек.
Бірақ мынаны айта кету керек. Үнемділік жақсы, әрине, бірақ мектепке бару, әсіресе бастауыш сыныптарда, балаға ләззат беруі керек. Егер бала өрмекші адамның суреті және ондаған қалтасы бар қаламсауыт алғысы келсе, басқа нәрсені үнемдеу шартымен сатып алып беріңіз. Осылайша сіз баланың сұранысын қанағаттандырасыз, шектеулі қаражат жағдайында да қаржыны қалай басқаруға болатындығын көрсетесіз және оны ымыраға келуге үйретесіз.
Нені істемеу керек? Дайын кеңсе жиынтықтарын сатып алудың қажеті жоқ. Көбінесе оларда қажеттіліктердің толық тізімі болмайды, бірақ артық көп нәрсе болады. Оның үстіне, толтыру сапасы әрдайым жоғары бола бермейді.
Гүлшоғы міндетті емес
1 қыркүйекке қарай гүлдер қымбаттайды, алайда ата-аналар оларды бәрібір сатып алады, өйткені мектепке гүлсіз баруға болмайды.
Бірақ кейбір мектептерде ата-аналар үнемдеу жайлы ойлана бастап, мына нұсқалардың бірін таңдайды:
- Бүкіл сыныптың атынан бір үлкен гүлшоғын сатып алады. Бұл арзан түседі, ал мұғалімнің көңілі көтеріледі. Оның үстіне, сыныпта шелектерге салынған сан алуан кішкентай гүлшоқтары емес, бір әдемі гүлшоғы тұрады.
- Мүлдем гүл сатып алмайды, бірақ қайырымдылыққа, мысалы, сырқат балаларға көмек қорына, балалар үйі немесе жануарларға арналған баспана мұқтаждықтарына ақша жинайды.
Қолданыста болған техника бюджетті үнемдейді
Балаға бірінші сыныптың өзінде ноутбук, смартфон және планшет сатып алады. Біріншіден, бұл заттардың дәл қазір қажет екендігін нақты бағалау керек. Мүмкін оларды кейінірек сатып алуға болатын шығар. Мысалы, жылдың ортасында, яғни шығындар азырақ болған кезде. Немесе мүлдем бір жылға кейінге қалдыруға болады.
Екіншіден, бұл заттар қаншалықты қымбат болуы керек деген сұраққа өзіңіз жауап беруіңіз керек. Мысалы, бастауыш мектепте балаларға көбінесе смартфон емес, сағат сатып алады. Осылайша, баланың оны жоғалту мүмкіндігі азырақ болады, ата-анаға арналған функциялары бар, мысалы, баланың қоршаған ортасын тыңдау және геолокация, бірақ ойындар жоқ – бала алаңдамайды.
Сіз смартфон сатып алуды шешкеннің өзінде, ол ең жақсы және қымбат болуы керек пе? Бала оны жоғалтуы, сындыруы мүмкін немесе біреудің ойы бұзылып, оны ұрлап кетуі мүмкін. Кішкентай балаға қымбат гаджет беретін барлық мүмкіндіктер мен әрекеттер қажет пе?
Ноутбукпен де дәл солай. Ол сапалы және жылдам болуы керек, сәнді емес, берілген функцияларға жауап беруі тиіс. Мүмкін сіз қолданыста болған техниканы қарастыра аларсыз.
Үнемдеудің жалпы кеңестері
Қорытындылай келе, мектепке дайындық төлемдерін үнемдеуге арналған бірнеше әмбебап кеңестерді бөліп көрсетуге болады:
- Басқа ата-аналармен бірігіп, бірлескен сатып алуды елеусіз қалдырмаңыз. Егер кеңсе тауарлары бүкіл сыныпқа сатып алынса, көптеген дүкендер жақсы жеңілдіктер жасайды. Сонымен қатар, көтерме базалар да бар, ондағы бағалар бөлшек сауда дүкендеріне қарағанда төмен болады. Мысалы, сіз барлығына бірдей 12 парақтық дәптерлер, ақ мұқабалы күнделіктер, оқулықтар мен дәптерлерге арналған қаптағыштар, қаламдар, жәй қарындаштар, өшіргіштер және дизайны түбегейлі емес басқа да өнімдерді сатып ала аласыз.
- Бірінші сынып оқушылары мамыр айында балабақшаны бітіру кезінде кеңсе тауарларын үнемдей алады. Сіз балаларға ойыншықтар емес, оларды өз қажеттіліктері бойынша жинақтап кеңсе тауарларының жиынтығын сыйлай аласыз.
- Тізім жасаңыз. Бұл қарапайым кеңес, бірақ ол жұмыс істейді. Егер сіз тізіммен жүріп, сатып алынған нәрсені сызып тастасаңыз, эмоцияларға беріле отырып, артық зат сатып алу ықтималдығы азырақ болады. Сондай-ақ, бюджетті бөлген де жақсы. Өзіңізге сатып алу сомасын шектеңіз және ешқандай жағдайда осы шеңберден шықпаңыз.
- Сатып алуды уақытын созуға болады — жаз бойы мектеп тауарларын сатып алыңыз. Таңдау азырақ, есесіне бағасы төмен болады.
- Науқандарды зерттеңіз. Барлығын бір жерден сатып алудың қажеті жоқ. Бірнеше дүкенді зерттеп, науқандар жайлы сұрастырған дұрыс. Мысалы, балалар киімінің желілік дүкендерінде ұлдарға екі мектеп шалбарын сатып алу кезінде науқандар немесе бірнеше киім сатып алу кезінде жеңілдіктер жиі кездеседі.
Бір сөзбен айтқанда, мектепке дайындыққа үш жалақыны жұмсаудың қажеті жоқ. Әрдайым ақшаны үнемдеудің жолдары болады.
Дереккөздері:
https://lifehacker.ru/ekonomnye-pokupki-k-shkole/
https://yamal-media.ru/narrative/kak-sobrat-rebenka-v-shkolu-i-ne-potratit-vse-do-kopejki-top-10-sovetov
https://liter.kz/skolko-stoit-sobrat-rebionka-v-shkolu-v-kazakhstane-1659702970/
https://www.zakon.kz/6020578-skolko-stoit-sobrat-rebenka-v-shkolu-v-nur-sultane.html