Сәтті жұма – көптен күтіп армандаған затыңды барынша тиімді сатып алу мүмкіндігі. Жеңілдіктерді іздеу кезіндегі ең бастысы – сана-сезіміңді, сонымен бірге ақшаңды жоғалтпау. Үлкен арзан сатылым кезеңі қарсаңында психолог және ғылым докторы, профессор Андрей Зберовский жақсы кеңестер ұсынады.
Маман дүрлігуге жол бермей, алдын-ала сатып алатын заттар тізімін жасауға және оны нақты ұстануға кеңес береді.
Көйлектер, әдемі аяқ киімдер мен әр түрлі түстегі далаптарды, сондай-ақ иәс суларды көзіңіздің жайнап ке тетінін есіңізде сақтаңыз. Әсіресе, егер баға көрсеткіші керемет жеңілдіктер беруге уәде етсе, баға шынымен-ақ арзан болып көрінеді. Осылайша, Сіз белгіленген лимиттен әлдеқайда көп соманы жұмсай салуыңыз мүмкін.
Айтпақшы, алдын-ала белгіленген шектеулер де маңызды. Сауда жасауға барар алдында, өзіңізбен бірге белгілі бір соманы қолма-қол ақшамен және картамен алған дұрыс. Қалған ақшаны үйде қалдырғаныңыз дұрыс, сондықтан басы артық нәрсе сатып алуға қызықпайсыз.
Егер интернет-сатып алу туралы айтатын болсақ, онда сатып алуға бөлінген ақша үшін арнайы карта болған жақсы. Осы мақсатта Сіз өзіңізді алаяқтардан қорғау үшін, виртуалды карта ресімдей аласыз.
360 телеарнасы психологтың: «Сіз әрқашан басымдықты сатып алатын заттардың тізімін басымдықпен түсініп, жасауыңыз керек. Нақты мақсат болуы тиіс. Сондай-ақ белгілі бір лимиттерді жоспарлау қажет. Сатып алушының қасында жаны ашитындай жақын, артық шығын жұмсалған жағдайда тоқтатуға қабілетті жанның болуы маңызды. Егер бұл кеңестер орындалса, бәрі ойдағыдай болады» деген сөзін келтіреді
Андрей Зберовский ойланбаған және стихиялық шығындарда адамдардың өздерін кінәлайтынын атап өтті. Осыдан кейін олардың көңіл-күйі нашарлайды. Бірақ психолог «қай жағынан болса да, сауданың жақсы жақтарын көруге болады» дейді. Сатылымда сатып алынған тауарларды сыйлауға болады. Жаңа жылдық сыйлықтардың да мәселесі шешілетін болады.
Экономистердің беретін өз кеңестері бар. Олар сізге ұнайтын тауарлардың бағаларын алдын-ала бақылауды, әртүрлі сатушылардың ұсыныстарын салыстыруды және сатылымға дейін бағаның көтерілмеуін қамтамасыз етуді ұсынады. Маркетологтар бағаны алдын-ала көтеруді ұнатады, ал арзан сатылым күні жаһандық жеңілдіктер жасап жатқан күй көрсетіп, олардың бағасын төмендетеді.
Қазақстанда «Честное слово» МҚҰ да «Сәтті жұмаға» қатысу бойынша кеңестер береді
Арзан сатылым күндері пайда мен шығындарды салыстыра отырып, қарыз қаражатына тауар сатып алуға мұқият назар аудару керек. Мысалы, егер өте қажет нәрсеге жеңілдік кредит бойынша артық төлемнен асып кетсе, онда қарыз қаражатына да сатып алуға болады. Егер сатып алу эмоционалды немесе беделді тұрғыда қажет болса, онда біеуінен бас тартқан жөн. Салыстырыңыз: жұмыс үшін ноутбук және брендтік көйлек алғыңыз келеді делік. Киім сатып алу қуанышы тез өтеді, ал кредит ұзақ уақытқа қалады. Бірақ ноутбуктың ақша әкелетінін ұмытпаңыз.