Бірте-бірте пластикалық карталар сақтау мен пайдаланудың ыңғайлылығына байланысты қолма-қол ақшаны ығыстырып шығарады. Бірақ сатушылар қолма-қол ақшасыз төлем жасаудан бас тартуы мүмкін. Smartzaim.kz. сарапшылары атап өткендей, адам үшін бұл қосымша шығындар. Мысалы, егер Сіз Қазақстанда онлайн-қарыз алсаңыз, онда микроқаржы ұйымы ақшаны картаға аударады. Терминал арқылы төлемдер комиссиясыз болады, ал банкоматтан ақша алу немесе аударым жасау көбінесе ақылы. Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов дүкеннің қолма-қол ақшасыз төлем жасаудан бас тартуға құқығы жоқ екенін айтады.
Елімізде сатушы қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға міндетті болып табылатын кәсіпкерлік қызметтің 14 түрі бар, олар - автомобильдер мен мотоциклдерді сату, сақтандыру, денсаулық сақтау, білім беру және т.б. Сонымен бірге POS-терминал жалпыға бірдей белгіленген режимді қолданатын және жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларда, қызметін астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда жүзеге асыратын және арнайы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларда болуы тиіс.
Бақыт Сұлтанов: «Олар POS-терминалдарды қолдануға міндетті, тиісті әкімшілік жауапкершілік бар (норманы бұзғаны үшін). Олар карточка ұсынылған кезде бас тартпауы немесе қандай да бір жүйені (төлем) енгізбеуі тиіс. Әрине, техникалық ақаулар болуы мүмкін, бірақ бұл жүйелік болмауы тиіс. Мұндай жағдайлар анықталған кезде, біз уақтылы әрекет етуге тырысамыз».
Төлемді қабылдаудан бас тартқаны үшін— кәсіпкерлік субъектісінің мөлшеріне байланысты 40-тан 100 АЕК-ке дейін жауапкершілік қарастырылған.