Қазақстанда жылдан жылға бөлшек сауда көлемі ұлғайып келеді. ranking.kz, деректері бойынша ағымдағы жылдың 9 айында көрсеткіш 15,7%-ға өскен, ал абсолюттік цифрларда 10,6 трлн теңгені құраған. Бұл ретте ҚР СИМ Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің зерттеуі қазақстандықтардың сатып алу үшін сауда базарларына емес, супермаркеттерге баруды жөн санайтындығын көрсетті. Соңғы бес жылда ритейлдің, яғни супермаркеттердің көлемі 70,2%-ға өскен.
Белгілі бір қызмет түрлеріне қанағаттанушылықты анықтауға бағытталған тұтынушылар сауалнамасына сүйенсек, супермаркеттер мен дүкендер ең жоғарғы бағаны иеленді. Сауалнамаға қатысқандардың шамамен 87%-ы олардың қызметтеріне қанағаттанған. Кейбір аймақтарда бұл көрсеткіш 90%-ға жетеді.
Қазақстандықтардың сауда базарларының жұмысына қанағаттануы төменірек - 82,1%. Бұл қызмет салаларының жалпы рейтингінде төртінші орынды білдіреді. Алайда, тұтынушылар қанағаттану деңгейін ғана емес, сонымен қатар қанағаттанбау деңгейін де бағалады және бұл көрсеткіш те айқын. Бұл рейтингте қарсы көшбасшылардың ішінде сауда базарлары ең нашар 10-шы орында тұр. Тұтынушылардың бірден 13%-ы сауда базарларының жұмысына наразы.
Қазақстандықтар тауарлар мен қызметтердің сапасы төмен екендігін, тауар туралы ақпараттың жоқтығын немесе сатушылардың алдайтынын атап өтті. Сондай-ақ, көптеген адамдар сауда базарларында сатушылар фискалдық чектер бермейтіндігін, осыған байланысты тауарларды қайтару және айырбастауда түйткілді мәселелер туындайтынын атап өтті.
Супермаркеттер қанағаттанбау рейтингінде көшбасшылардың үштігіне енді, яғни қазақстандықтар көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттанады. Артықшылықтар ретінде адамдар мынаны атап өтеді: сапа стандарттары, өнімнің кең таңдауы, жақсы санитарлық жағдайлар, жайлылық, төлем ыңғайлылығы, заң талаптарының сақталуы, қауіпсіздік, науқандар және адалдық жүйесі.
Дереккөз:
http://ranking.kz/
https://kapital.kz/economic/110004/supermarkety-vs-rynki-chto-i-pochemu-vybirayut-kazakhstantsy.html