Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кейбір кәсіпорындардың қызметкерлеріне аптасына төрт күн жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құжатты талқылауға шығарды.
Жобада: «Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартында бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасымен кезектесу құқығымен төрт күндік жұмыс аптасын белгілеуге рұқсат етіледі» делінген.
Министрлік кейде өндірісте жұмыс күндерінің санын апта бойынша: біреуі төрт күнге, екіншісі беске ауыстыру қажеттілігі туындайтынын айқындайды. Бірақ барлығы заңды болуы үшін, нормативтік-құқықтық акт қажет.
Бұл тәжірибе Халықаралық еңбек стандарттарына сәйкес келеді.
Сондай-ақ, Министрлік енгізген құжат қызметкерді үстеме жұмысқа тарту үдерісіне өзгеріс енгізеді.
Қызметкерді оның келісімінсіз демалыс, мереке күндері және ауысымаралық демалыста мынадай жағдайларда:
- Жұмыс айналым елімен байланысты болса;
- Төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілгенде;
- Дүлей апат пен оқиғаның алдын алуға қатысу талап етілгенде;
- Ауысушы жұмыскер келмей, ал жұмысты тоқтату мүмкін болмаған жағдайда жұмысқа шақыра алады.
Дереккөздері: