Заманауи қаржы технологиялары ақшаны лезде әлемнің кез келген нүктесіне аударуға мүмкіндік береді. Бірақ іс осындай жағдайға келгенде, көптеген адамдар абдырап қалады және ақшаны шетелге қалай ыңғайлы, жылдам және шағын комиссиямен жіберуді білмейді. Бұл үшін біз Ресейден Қазақстанға ақша аударудың кең таралған тәсілдерін арнайы таңдадық.
Қазақстанға Mastercard картасына аудару
Егер жіберушінің де, алушының да MasterCard картасы болса, онда ақшаны төлем жүйесінің арнайы сервисі арқылы аударуға болады.
Mastercard аударымды жөнелтудің бірнеше нұсқасын ұсынады:
1. IOS және Android операциялық жүйелері үшін қол жетімді Paysend қосымшасы арқылы.
2. Рaysend.com. сайты арқылы
Аударым жасау үшін, сервиске кіріңіз немесе тіркеліңіз, ақша алушының елін белгілеп, «Картаға аудару» әдісін таңдаңыз және карта деректерін енгізіңіз. «Аударым сомасы» жолағын толтырыңыз.
Сервис енгізілген соманы автоматты түрде алушы елдің валютасына айырбастайды. Содан кейін Сіз жіберуші картасының деректерін толтырып, аударымды растауыңыз қажет.
Комиссия – 49 рубльден басталады, сервис ағымдағы бағам бойынша теңге сомасын өзі есептейді.
Сервистің артықшылығы: ақшаны дереу картаға аудару — алушыға ешқайда барудың қажеті жоқ. Сервис бірден курсты да, комиссияны да есептейді.
Сервистің кемшілігі: ол тек MasterCard карталарымен ғана жұмыс істейді.
Сбербанк арқылы Қазақстанға ақша аудару
Сбербанк онлайн-қосымшасы арқылы 32 елге, соның ішінде Қазақстанға да аударымдар жасауға болады.
Ақша жіберу үшін қосымшаға кіріп, «Төлемдер» бөліміне өтесіз, «Шетелк» және «Аты-жөні мен телефон нөмірі бойынша» бөлімшесін таңдайсыз.
Содан кейін қосымша жолақтардағы:
- алушының елін
- аударым валютасы мен сомасын
- ақша түскені туралы хабарлау үшін алушының құжатындағы және оның телефон нөміріндегі аты-жөнін толтыруды сұрайды.
Банк алушы мен жіберушіге аударымның бақылау нөмірі бар СМС жібереді, ол ақшаны алған кезде қажет болады.
Ақша кез келген Western Union бөлімшесінде беріледі. Адресат міндетті түрде төлқұжатын ұсынуы тиіс.
Комиссия - 1%, бірақ 30 рубльден кем емес және 1000 рубльден аспайды.
Сервистің артықшылығы: аударым үшін алушының карта нөмірі қажет емес. Адресатта ол мүлдем болмауы мүмкін, бірақ ол ақшаны алады.
Сервисің кемшіліктері: жіберушіде Сбербанк картасы болуы тиіс. Алушы Western Union пункттері бар жерде тұратын болуы тиіс.
Юнистрим арқылы Қазақстанға аудару
Юнистрим – бүкіл әлем бойынша ақша аударымдарының сервисі. Сіз кез келген банктің картасынан онлайн режимінде ақша аудара аласыз, бірақ Visa және MasterCard төлем жүйелері ғана қабылданады.
Сіз ақшаны сервистің веб-сайтында немесе қосымшада жібере аласыз. Ол үшін алушының елін таңдап, соманы енгізіңіз. Қызмет автоматты түрде комиссияны есептейді. Егер ұсынылған шарттар қанағаттандырылса, онда алушының деректері бар парақты толтыру қажет — тегі, аты, әкесінің аты. Сондай-ақ, жіберуші туралы мәліметтерді енгізу керек – тегі, аты, әкесінің аты, телефон нөмірі және тіркелімді қоса алғандағы, төлқұжат деректері. Жіберушіге адресатқа хабарлануы қажет болатын бақылау нөмірі келеді.
Аударымды кез келген Юнистрим бөлімінен төлқұжат бойынша алуға болады. Қаражат бірден түседі.
Комиссия. Егер Сіз қосымша арқылы аударым жасасаңыз, онда ақшаны доллармен немесе евромен жіберген кезде комиссия нөлге айналады.
Сервистің артықшылықтары: ақша дереу түседі. Оларды жіберу үшін Сіз алушы туралы тым аз деректерді білсеңіз жеткілікті.
Сервистің кемшіліктері: жіберуші туралы көп деректерді толтыру талап етіледі.
Қазақстанға Золотая корона арқылы аудару
Золотая корона – бүкіл әлем бойынша аударымдардың тағы бір сервисі. Ақшаны қолма-қол ақшамен Золотая корона пункттерінде немесе картаға аудару арқылы жіберуге болады.
Аударымды жіберу үшін елді таңдау, аударымның сомасын көрсету, комиссия туралы хабарламаны оқу қажет. Содан кейін жіберушінің телефон нөмірін енгізіп, ұсынылған барлық жолақтарды толтырыңыз.
Ақшаны жібергеннен кейін бірнеше минут ішінде алуға болады.
Комиссия. Сервис деректер енгізілгеннен кейін комиссия мен бағамды есептейді. Егер аударым кез келген валютаға айырбасталып жіберілсе, онда комиссия болмайды. Егер айырбастау болмаса, комиссия – 0,99%.
Жүйенің артықшылықтары: Сіз ақшаны алу әдісін өзіңіз таңдай аласыз және қосымша қызметтер бар. Мысалы, ақша жіберу кезінде қарызды ресімдеу.
Жүйенің кемшіліктері: аударымды жіберу үшін жеке кабинетте тіркелу талап етіледі.
Вестерн Юнион арқылы Қазақстанға аудару
Вестерн Юнион – халықаралық аударымдардың арнайы сервисі. Әлемнің 200 елінде жұмыс істейді.
Ақшаны бөлімше немесе сайттағы онлайн арқылы жіберуге болады. Комиссия аударым сомасына байланысты. 5000 рубльге дейінгі соманы жіберген кезде минимум — 49 рубль.
Ақшаны аудару үшін аударымды жіберген елді, соманы, алу және жөнелту тәсілін таңдау қажет. Содан кейін қажетті жолақтарды толтырыңыз.
Ақшаны жібергеннен кейін бірнеше секунд ішінде алуға болады.
Комиссия. Аударым сомасына қарай, 5000 рубльге дейінгі соманы жіберген кезде минимум — 49 рубль.
Жүйенің артықшылығы: жылдам есепке алу.
Жүйенің кемшіліктері: Қазақстанда банк шотына аударымды жіберу мүмкіндігі жоқ.
Ресейден Қазақстанға ақша аудару қиын емес, ол үшін көптеген сервистер бар. Бірақ, аударым жасамас бұрын, комиссияларды салыстыру үшін әр сервистің веб-сайтын зерттеген дұрыс. Сонымен қатар, алушының мүмкіндіктерін ескеру қажет. Мысалы, бір жерде Юнистрим немесе Золотая корона бөлімдері болмауы мүмкін. Мүмкін біреу бөлімшеге бару ыңғайсыз шығар. Онда аударымды картаға жіберген дұрыс. Ең бастысы, ақша жіберген кезде Сіз әрқашан алушының деректерін мұқият тексеруіңіз керек. Аты-жөнінде тіпті бір ғана әріптен қателессеңіз де, біраз қиындықтың туындауына әкеледі.