Мазмұны:
Азаматтық несие рәсімдеуге қалай әсер етеді?
Шетел азаматы ҚР-да қалай несие алуына болады?
Шетелдік азаматқа тағы қалай несие алуға болады?
ҚР-да қандай шарттармен онлайн-несие ресімдеуге болады?
Шетелде ақшасыз қалудың ондаған жағдайдары белгілі: сөмкені ұрлап кету, көлік сынуы, әуе рейсіне кешігу және жаңа билеттер сатып алу қажеттігі, қонақүй бронінің істен шығуы, кенеттен денсаулық ақауларының пайда болуы. Бұл тізімді жалғастыруға болады, бірақ оның қажеті жоқ. Қандай жағдай болмасын түйткілді мәселелердің шешімі табылатындығына сенімді сақтаған маңызды. Ал мұны жасау Қазақстанда жылдам несиелер қолжетімді болса мүмкін болады. Бірақ басқа елдің азаматына ақша алу қаншалықты мүмкін және Қазақстан Республикасында бұл мәселе қалай шешіледі?
Азаматтық несие рәсімдеуге қалай әсер етеді?
ҚР азаматтығы – қазақстандық банктер мен ШҚҰ несие алушыларға қоятын негізгі талаптарының бірі. Несиені шетелдік азамат ресімдеген кезде әрдайым оның ақшаны қайтармай елден кетіп қалу қаупі болады. Қарызды өтеу үшін мұндай клиентті іздеу қиын әрі қымбатқа түседі, сондықтан несие берушілер несие алушылардың бұл санатымен емес, ҚР азаматтығы немесе тұруға ықтиярхаты бар жергілікті тұрғындармен ынтымақтастық жасағанды жөн санайды.
Заң ҚР-на келген барлық шетелдіктерді үш топқа бөледі:
- Елге аз уақытқа келген визасы бар немесе визасы жоқ кісілер. Олардың жүріп-тұру кезеңі визасыз режимнің ұзақтығына немесе визаның жарамдылық мерзіміне байланысты.
- ҚР-да үнемі тұратындар: олардың ҚР-да ұзақ уақыт жүріп-тұруға, оқуға немесе жұмыс істеуге ресми рұқсаты бар. Бұл санатқа білімгерлер және келісімшарт бойынша жұмыс істейтін мамандар кіреді.
- Тұруға ықтиярхаты бар осында үнемі тұратын келушілер.
Қазақстан банктері көбіне соңғы санаттағы шетелдіктерге несие береді. ҚР-да тұруға ықтиярхат келушіге жеңілдіктер мен жәрдемақылар алу, банктерде несие рәсімдеу мүмкіндігін қоса алғанда ҚР азаматымен бірдей құқықтар мен міндеттер береді.
Қазақстанда оқитындар немесе ресми түрде жұмыс істейтіндер де банктен немесе ШҚҰ ақша ала алады. Бірақ бұл үшін құжаттардың кеңейтілген тізімін жинап, несие берушіге тұлғаның елде ресми жүріп-тұратындығын және ақшаны алғаннан кейін кетіп қалмайтындығын растайтын құжаттар ұсынуына тура келеді.
Шетел азаматы ҚР-да қалай несие алуына болады?
Шетелдік азаматтардан өтінім қабылдайтын компанияны іздеңіз. Ол үшін әртүрлі ұйымдардың ұсыныстарын және олардың клиенттерге қоятын талаптарын жприялайтын несиелердің агрегатор-сайттарының біріне кіріңіз. Өзіңізге қолайлы ШҚҰ-н таңдап, оған хабарласыңыз да, олардың шетелдіктерге несие беретіндігін анықтаңыз.
Келушілерге несиелерді ресімдей отырып, несие берушілер кеңейтілген құжаттар пакетін сұратады:
- нотариалды ресімделген аудармасы бар шетелдік немесе ұлттық төлқұжат;
- ЖСН, жүргізуші куәлігі, зейнеткерлік куәлігі;
- Тұруға ықтиярхат, виза, көші-қон картасы немесе елде жүріп-тұрудың заңдылығын растайтын басқа құжат;
- еңбек кітапшасының және жалдаушының қолы қойылған еңбек шартының көшірмесі;
- кірістер туралы анықтама.
Кредитор талап ететін құжаттар тізбесі несие түріне, кредитордың талаптарына және шетел азаматының тұруға ықтиярхатының болуына байланысты ерекшеленуі мүмкін. Бірақ, қалай болғанда да несие алушы ҚР-да заңды жүріп-тұруын және жақын арада елден кетпейтіндігін растауы қажет. Келесі жағдайлар қосымша артықшылықтар болып табылады: ҚР азаматы/азаматшасымен неке куәлігі, Қазақстандағы жылжымайтын мүлікке немесе ел аумағындағы басқа да бағалы өтімді мүлікке меншік құқығы. Несие немесе қарызды ресімдеу үшін шетелдік азаматқа Халыққа қызмет көрсету орталығында өтініш беріп, міндетті түрде ЖСН ресімдеу қажет болады. Нөмірді алу үшін тек жеке басты куәландыратын құжат қана талап етіледі.
Несиені рәсімдеу күрделілігі қызметтер түріне де байланысты. Мысалы, көлік несиесін немесе ипотека алу үшін құжаттардың толық пакетін жинап, жұмысқа орналасқандығын және кіріс деңгейін растауға тура келеді. Несиенің бұл түріне тұруға ықтиярхат қажет. Қысқа мерзімді онлайн несие немесе ақшалай несие алу үшін құжаттардың минималды жиынтығын ұсыну жеткілікті, бұл ретте банк немесе ШҚҰ тек базалық лимитті мақұлдайды. Оның үстіне несие берушілер тек қазақстандық банкте несие алушының атына ресімделген карта немесе шотқа ғана ақша аударатынын ескеру қажет.
Шетелдік азаматқа тағы қалай несие алуға болады?
Көптеген банктер және ШҚҰ өз сайтында немесе мобильді қосымшада онлайн несие береді. Мысалы, РФ азаматы Қазақстанға сапары кезінде өзінің жалақы картасы ашылған ресейлік банкте онлайн-қарыз ресімдей алады. Ол үшін қайтадан құжаттар пакетін жинап, несие берушіні қосымша кепілдермен сендірудің қажеті болмайды.
Негізгі қиындық ресейлік картадан ақшаны шешу болуы мүмкін, өйткені барлық қазақстандық банктер ресейлік карталарды қабылдай бермейді. ҚР банкінде шот рәсімдеп, ресейлік картадан сол шотқа ақша аударуға болады. Комиссияға ақша жаратуға қиналмаса, ақша аударымдарының жүйесі немесе айырбас-сайттары арқылы ақшаны шығарып алуға болады.
Несие берушінің өзінің қоятын шарттары қосымша кедергі болуы мүмкін. Банктер мен ШҚҰ шетелден жіберілген өтінімдерді тым қауіпті деп есептеп, қабылдамауы мүмкін. Қаржылық ұйымдарды жеделдету жүйелері пайдаланушы өтінім жіберген құрылғының орналасқан жерін оңай тауып береді.
ҚР-да қандай шарттармен онлайн-несие ресімдеуге болады?
Қазақстандық ШҚҰ шарт параметрлері мен ұйымның қолданыстағы ұсыныстарына байланысты күніне 0,01%-дан 2%-ға дейінгі мөлшерлеме бойынша 30 күнге дейінгі мерзімге онлайн несиелер береді. ШҚҰ минималды артық төлеммен интернет несиелер ұсына отырып, жаңа клиенттер үшін үнемі науқандар жасап отырады.
Әртүрлі қазақстандық ШҚҰ ұсыныстарын қарастыра отырып, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесіне (ЖТСМ) назар аударған жөн. Бұл көрсеткіш шарт бойынша барлық төлемдердің сомасын жылдық өрнекте көрсетеді – ол неғұрлым төмен болған сайын несие алушыға соғұрлым тиімді болады. Заң бойынша ҚР-да шағын несиелер бойынша ЖТСМ мөлшері 56%-дан аспауы тиіс.
Ресейлік ШҚҰ-да күніне 1%-ға дейін мөлшерлемемен 30 күнге дейінгі мерзімге онлайн несие алуға болады. Бұл ретте шарт бойынша барлық есептелген төлемдердің мөлшері негізгі қарыздың 1,5-еселенген сомасынан аспауы тиіс. Жаңа және бейілді клиенттер үшін қызмет көрсетудің арнайы бағдарламалары және науқандар болуы мүмкін.
Қазақстанға уақытша келген РФ азаматына ресейлік банктердің немесе ШҚҰ-ның бірінде қашықтықтан несие рәсімдеп, өзінің рубльдік картасына ақша алған тезірек және оңайырақ болады. Бірақ, бұл жағдайда шетелдік картаны қабылдайтын банкомат іздеуге немесе ҚР-да ақша шығарып алу үшін шот ашуға тура келеді. Тұруға ықтиярхатпен қазақстандық ұйымда онлайн несие ресімдеу және қажетті соманы теңгемен алған оңай болады.
Маңызды! Несие ресімдей отырып, орын алуы мүмкін экономикалық және қаржылық қауіптер туралы ұмытпаңыз. Өз елінде кіріс табатын эмигранттарға өзінің несиеге батуының ағымдық деңгейін және туған еліндегі экономикалық жағдайды, яғни кірістердің төмендеу ықтималдығын немесе жұмыс орнынан айрылуды ескерген жөн. Егер тұрақтылық сезілмесе, ақшаны да нақты қажеттілік болмаса қарызға алмаған дұрыс.
Дереккөздер:
https://loanexpert.kz/kredit-inostrantsam/
https://halykbank.kz/card/card-nerezident
https://gov4c.kz/ru/
https://www.dw.com/ru/mir-v-kazahstane-za-granicej-ne-berut-kreditki-vyehavsih-tuda-rossian/a-63240382
https://lsm.kz/stavki-depozit-i-kredit