2021 жылдың айрықша ерекшеліктерінің бірі – жоғары инфляция. Адамдар бағаның өсуін әрдайым жағымсыз тұрғыда қабылдайды. Бірақ бұл ретте инфляция әрқашан жалақының өсуімен бірге ілесіп жүреді. Рас, ереже әрдайым барлық салалар мен аймақтарға тарала бермейді. Сарапшылар 2022 жылы Қазақстанда жалақының өсуі 20% дейін болуы мүмкін деп болжап отыр.
Интерфакс-Қазақстан ANCOR Central Asia бас директоры Валерий Петруниннің сөздерін келтіреді, ол 2021 жылы қазақстандықтардың еңбекақысы 15-20% артқанын және келесі жылы да дәл осындай өсудің күтіліп отырғанын атап көрсетеді: «Ерекшеліктер «тапшы» персонал топтарын құрайды, олар үшін жұмыс берушілердің ұсыныстары жүйелі сипатқа ие болмауы және жобаға, бизнес басымдықтары мен маманның біліктілік деңгейіне тікелей тәуелді болуы мүмкін».
2020 жылы эпидемия мен дағдарыстың ең басында, ел шектеулерге әлі үйренбеген кезде, жұмыссыздықтың өсуі байқалды, әрине табиғи тұрғыдан алғанда — сатушылар, даяшылар және басқа салалардағы вирустан зардап шеккен жұмысшылар еңбек нарығына шықты. 2021 жылдың аяғына қарай да еңбек нарығы жанданды және бұл үрдіс 2022 жылға да таралатын болады.
Коронавирусқа байланысты кейінге қалдырылған мәселелерді шешудің уақыты келді, сондықтан жұмыс берушілер жаңа қызметкерлерді белсенді түрде іздеуде. Қызметкерлер де өздерінің сұранысқа ие болып жатқанын сезініп, жандана түсті.
Еңбек ресурстарын дамыту орталығының стратегия департаменті директорының орынбасары Әлихан Қарабаев келесі жылы нақты жалақы 6,3% өседі деп болжап отыр. Яғни, қазақстандықтардың жалақысы инфляциядан айтарлықтай асып түседі. Мұндай көрсеткіштер барысында халықтың кедейленуі болмауы тиіс.
Сондай-ақ, Әлихан Қарабаевтың пікірінше, жұмыс орындарының сапасы да, қызметкерлердің біліктілігі де жақсаратын болады.
Сауалнамаға 70-тен астам халықаралық және қазақстандық компаниялар қатысқан Antal агенттігінің зерттеу нәтижелері бойынша, жұмыс берушілердің 78% 2022 жылы еңбек жалақысын арттыруды жоспарлап отыр. Компанияның Еуразия аймағындағы басқарушы директоры Михаэль Гермерсхаузен: «Тек жұмыс берушілердің 13%-ы әзірше жалақыны көтеруді жоспарламай отырғанын атап өтті. Сұралған компаниялардың көпшілігінде (35%) жалақы 4-6% өседі. Бұл ретте респонденттердің 20% келесі жылы еңбекақыны 7-9% арттыратынын атап өтті. Тағы 18% жұмыс берушілер — 10-12%. Сұралған компаниялардың 12%-ы жалақыны 15% жоғары көтеріледі деп күтілуде».
Дегенмен, әрқашан бір қарын майды бір құмалақтың шірітетіні мәлім. Бұл жағдайда өнімділіктің артуынсыз жалақының күрт өсуі инфляцияның жаңа кезеңін тудыруы мүмкін. Бұл туралы әлемдік сарапшылар баяғыда болжам жасап, инфляцияның үшінші толқынын күтіп отыр. Мынадай суретті елестетіңіз: адамдардың кірістері артады, көбірек тауар сатып алуға деген ұмтылыс пайда болады, олар мейлінше қымбат баға санатына қайта бағытталады, ал ұсыныс өзгеріссіз қалады. Тапшылық қаупі туындайды, ол әрдайым бағаның өсуімен қатар жүреді. Сонымен қатар, басқа елдерден тауарларды жеткізуге байланысты жаһандық проблемалар әлі шешілген жоқ, бұл да бағаны көтерілуін жылдамдатады және тапшылықты туындауына итермелейді.
Егер жалақының өсуі инфляциядан асып түсетін болса, онда біреулер бұл мәселені байқамауы мүмкін. Бірақ әлеуметтік төлемдерге өмір сүретін адамдар бағаның өскенін сезінеді, өйткені олардың кірістері әрдайым инфляцияға сәйкес келе бермейді.