Smartzaim.kz
Тілі:
RU
| KZ
Қаланы таңдау
  • Алматы
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Атырау
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Көкшетау
  • Қостанай
  • Қызылорда
  • Астана
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Риддер
  • Семей
  • Талдықорған
  • Тараз
  • Теміртау
  • Орал
  • Өскемен
  • Шымкент
  • Екібастұз
Қарыз таңдау
МҚҰ ТОП-10
Тілі:
RU
| KZ
МҚҰ ТОП-10
  • Қазақстан банктері
  • Акциялар
  • МҚҰ тізілімі
Тіркелу
  • Қазақстан банктері
  • Акциялар
  • МҚҰ тізілімі
  • Онлайн кредит түрі
    • Паспорт бойынша қарыздар
    • Кепілгерсіз кредит
    • Табыстар туралы анықтамасыз қарыз
    • Кепілсіз микрокредит
    • Қолхатсыз шағын қарыз
    • Жалақыға дейінгі қарыздар
    • Бизнеске арналған кредит
    • Қысқа мерзімді қарыздар
    • Анықтамасыз қолма-қол онлайн кредит
    • Кредиттік тарихы нашар онлайн қарыз
    • Алдын ала төлемсіз жеке қарыз
    • Мерзімі кешіктірілген онлайн қарыздар
    • Қарыздар 24 сағат бойы
    • Пайызсыз онлайн қарыздар
  • Алу тәсілі
    • Картаға онлайн қарыз
    • Банктік шотқа онлайн қарыз
    • Қазпошта шотына ақша
    • Қолма-қол қарыз
  • Өтеу тәсілі
    • Банк картасы
    • Банктік аударым
    • CyberPlat
    • QIWI
    • Kassa24
    • Банк кассасында қолма-қол ақшамен
    • «Қазпошта» АҚ арқылы қолма-қол ақшамен
    • Компания кеңсесінде қолма-қол ақшамен
  • Жұмыспен қамтылу түрі
    • Жұмыс істейтін
    • Жұмыссыз
    • Студент
    • Зейнеткерлерге онлайн қарыздар
    • 18 жастан бастап онлайн қарыздар
  • Қарыз мерзімі
    • Бір аптаға қарыз
    • 30 күнге қарыз
    • 60 күнге қарыз
    • 90 күнге қарыз
+7 717 297-34-56
  • Онлайн қарыздар
  • Соңғы жаңалықтар
  • Ана мен бала жылына 2,5 млн теңге ала алады

Ана мен бала жылына 2,5 млн теңге ала алады

Жарияланған күні: 15.10.2021

Ана мен бала жылына 2,5 млн теңге ала алады

Отбасына сәби дүниеге келген кезде, қаржылық жағдай күрт нашарлайды — шығындар артып, кірістер азаяды, өйткені анасы үйде отыруға мәжбүр болады және жұмысқа бара алмайды. Smartzaim.kz. сервисінің сарапшылары атап өткендей, кішкентай балалардың ата-аналары онлайн-қарыздарды жиі ресімдейді. Дегенмен, мемлекет те аналар мен балаларды қолдайды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Informburo.kz сұранысына жауап бере отырып, «Елімізде балалы отбасыларды әлеуметтік қолдаудың тұтас жүйесі жұмыс істейді, оған жүктілігі және босануы бойынша әлеуметтік төлем, бала тууына, көп балалы отбасыларға, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға жәрдемақы, мүгедек баланы күтумен айналысатын ата-аналарға арналған, сондай-ақ бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты отбасының табысы есепке алынбай төленетін жәрдемақы кіретінін" атап көрсетті.

Қазақстанда декреттік демалыстың үш түрі бар:

  1. Жүктілік және босану бойынша. Демалыстың ұзақтығы — 126 күн (босануға дейін 70 күн және одан кейін 56 күн).
  2. Жаңа туған баланы асырап алған қызметкерлерге демалыс.
  3. Бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс.

Сондай-ақ кішкентай балалары бар отбасыларға көмектесетін бірқатар әлеуметтік төлемдер бар.

Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем

Жұмыс істейтін әйелдер алатын біржолғы төлем. Жұмыс істемейтіндер алмайды, өйткені ресми жұмысқа орналасқандардың барлығы үшін жұмыс беруші Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар жасайды. Төлемдер қор қаражаты есебінен жасалады.

Жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін төлемнің мөлшері нақты жұмыс істеген уақытына қарамастан, сақтандыру жағдайы басталған күнге дейінгі соңғы 12 айдағы әлеуметтік аударымдар бойынша айқындалады.

Жәрдемақы мөлшері былайша айқындалады: соңғы жылдағы орташа айлық табыс 10% зейнетақы жарналарын шегере отырып, еңбекке жарамсыздық күндерінің коэффициентіне көбейтіледі.

Төлем мөлшерінің шегі бар – 7 ең төменгі жалақы. Ең жоғарғы төлем – 1 124 550 теңге болып шығады.

Төлем құжаттарын электрондық үкімет порталы арқылы өтініш, жеке басын куәландыратын құжат, уақытша еңбекке жарамсыздық парағы, банк шотының нөмірі туралы құжат ұсына отырып беруге болады.

Ай сайынғы әлеуметтік жәрдемақы / бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем

Жәрдемақы барлығына төленеді, бірақ оның мөлшері төлем алушының жұмыс істегеніне немесе істемегеніне байланысты.

Жұмыс істемейтіндер үшін жәрдемақы мөлшері — бірінші балаға 5,76 ең төменгі жалақы (16 802 теңге), екінші балаға 6,81 ең төменгі жалақы (19 865 теңге), үшінші балаға 7,85 ең төменгі жалақы (22 899 теңге), төртінші және келесі балаларға 8,9 ең төменгі жалақы 25 962 теңге болып белгіленген.

Жұмысшылар үшін төлем мөлшері жалақыға байланысты. Шектеулер де бар – 7 ең төменгі жалақының 40% (119 000 теңге).

Төлемді алу үшін Сізге өтініш, жеке басын куәландыратын құжат, баланың туу туралы куәлігі, банктік шот нөмірі туралы ақпарат беру керек.

Бала туғаны ұшін біржолғы жәрдемақы

Жәрдемақы жұмыс істегені- істемегеніне қарамастан, барлық әйелдерге төленеді. Мөлшері бекітілген және:

  • Бірінші, екінші, үшінші баланы туғаны үшін 38 ең төменгі жалақы (110 846 теңгені);
  • Төртінші және одан кейінгібалаларды туғаны үшін 63 ең төменгі жалақы (183 771 теңгені) құрайды.

Жәрдемақы алу үшін жеке басын куәландыратын құжат, баланың туу туралы куәлігі, ажырасу/неке қию туралы куәлік қажет.

Көп балалы отбасыларға көмек

Төрт немесе одан да көп кәмелетке толмаған балалары немесе 24 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар отбасы көп балалы отбасы болып саналады. Төлем бекітілген және табыс мөлшері жәрдемақыға әсер етпейді.

Төлемдер бала санына қарай әр түрлі болады:

  • 4 бала-16,03 ең төменгі жалақы (46 760 теңге);
  • 5 бала-20,04 АЕК (58 457 теңге);
  • 6 бала-24,05 АЕК (70 154 теңге);
  • 7 бала-28,06 АЕК (81 852 теңге).

Әрбір келесі үшін-плюс 4 ең төменгі жалақы (11 668 теңге).

Басқа жаңалықтар

Интернет-алаяқтарға қалай алданбай қалуға болады. Сарапшылар кеңесі Интернет-алаяқтарға қалай алданбай қалуға болады. Сарапшылар кеңесі Қандай салаларда жалақы бір жыл ішінде 23%-ға өсті Қандай салаларда жалақы бір жыл ішінде 23%-ға өсті Қазақстан Ұлттық Банкі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне мерейтойлық банкнот шығарды. Қазақстан Ұлттық Банкі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне мерейтойлық банкнот шығарды.
Барлық жаңалықтар
ҚАРЫЗ
ТАҢДАУ
Уақыт жоғалтпайсыз!

Серіктес МҚҰ ұсыныстары

Шарттар мен шешім — кредитор сайтында
© Smartzaim.kz 2016-2026.
Барлық құқықтар қорғалған

+7 717 297-34-56
Сайттың мазмұны айрықша ақпараттық-анықтамалық сипатқа ие. Smartzaim.kz сайты кредиттік ұйым болып табылмайды және кредиттер бермейді. Сайт таңдалған микрокредиттеу сервисіне берілген өтініш үшін клиенттен төлемақы алмайды.
Компаниялардың лицензиялары туралы мәліметтер ҚНРДА тізілімдерімен салыстырылады: мәртебесі мен салыстыру күні әр ұйымның карточкасында көрсетілген.
Материалдарды пайдалану кезінде Smartzaim.kz сайтына белсенді гиперсілтеме жіберу міндетті болып табылады.
  • Мақалалар
  • Жаңалықтар
  • FAQ
  • Құпиялылық саясаты
  • Пайдаланушы келісімі
  • Сайт туралы
  • Жария оферта
  • Валюта бағамы
  • Байланыстар
Біз әлеуметтік желілердеміз
Smartzaim.kz