2022 жылдың ерекше белгілерінің бірі – қант айналасындағы толқыныстар. Мұның себебі елдің басқа елдерден қант экспортына тәуелділігі болды. Атап айтқанда, Ресейден. Ресей Федерациясы қант шығаруға тыйым салғандықтан, Қазақстанда өнім тапшылығы болды. Елде қант өндірісі нашар жолға қойылған және жеткізу барысында үзілістер болған шетелдік шикізатқа өте тәуелді.
Премьер-Министр орынбасарының міндетін атқарушы Серік Жұманғарин қант зауыттары мен салалық қауымдастықтар өкілдерімен кездесуде Үкіметте қант сату мен өндірудің жаңа схемалары әзірленетінін мәлімдеді.Бұл өндірушілерді шикізатпен, ал сатып алушыларды өніммен қамтамасыз ету үшін жасалады.
Қазір Қазақстан аумағында орналасқан қант зауыттары шикізатқа тәуелді, ол, негізінен, Үндістаннан әкелінеді. Үндістан да шикізатты елден тыс жерлерге шығаруды тоқтатқандықтан, зауыттар тапшылыққа тап болды.
Қазақстан өзінің шикізатын аз өндіреді, өйткені қант қызылшасын сақтау – шығынды іс. Бұл үшін бөлме жылы болуы тиіс. Мұздатқаннан кейінгі қызылша қант өндіруге жарамай қалады.