Дағдарыс, жақындап келе жатқан рецессия және жоғары инфляция салдарынан бүкіл әлемде кедейлік мәселесі өткір тұр. Кейбір елдерде жағдай жақсы, кейбір елдерде нашар. Зерттеушілер жағдайды үнемі қадағалап отырады. Қазақстанда соңғы жыл ішінде қаржылық мұқтаждықты бастан өткергендердің үлесі қысқарды. Алайда, көрсеткіштер әлі де жоғары.
ҚР СЖжРА ҰСБ зерттеуі бойынша, 2022 жылы респонденттердің 20,3%-ы ескі жиҺазды алмастыра алмады. Өткен жылы мұндай адамдардың үлесі 27,4% болды, бұл материалдық жағдайдың жақсарғанын көрсетеді.
Бұған қысқы және жазғы аяқ киімнің екі жұбын сатып ала алмайтын қазақстандықтардың үлесі 15,3%-дан 11,3%-ға дейін қысқарғаны дәлел. Сондай-ақ, 2022 жылы Қазақстан тұрғындарының көпшілігінің достарымен немесе туыстарымен кездесуге мүмкіндігі бар. 2021 жылы кездесулерге қол жеткізе алмағандардың үлесі 8,4% болса, 2022 жылы 6,3% болды.
Бірақ статистикада алаңдатарлық деректер де бар. Қазақстанда қаржылық проблемаларға байланысты әр екі күн сайын балық, ет немесе тауық еті қосылған ыстық тағамдарды жеуге мүмкіндігі жоқ адамдардың үлесі өсті. Бұрын мұндай адамдардың үлесі 7% болса, қазір – 7,9%. Сондай-ақ, ескі аяқ киім мен киімді ауыстыра алмайтындардың үлесі 5%-дан 5,2%-ға дейін артты.
Егер ел өңірлері туралы айтатын болсақ, онда мұқтаж адамдардың үлесі ауылдарға қарағанда қалаларда көбірек.
Осылайша, қажетіне қарай тозған жиһазды қала тұрғындарының 20,9%-ы, ауыл тұрғындарының 19,4%-ы алмастыра алмайды. Кемінде екі жұп қолайлы қысқы және жазғы аяқ киім қала тұрғындарының 11,7%-ында және ауыл тұрғындарының тек 10,7%-ында жоқ.
Сауалнамаға сәйкес, әйелдер ерлерге қарағанда қаржылық проблемаларға жиі ұшырайды.